Түркістан облысында жеңіл көлік трактормен соқтығысып, бір адам көз жұмды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Бүгін «Шымкент-Самара» автожолының 141 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. «Хюндай-Гретта» маркалы жеңіл автокөлік алдында келе жатқан тракторға кіріп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көліктің бір жолаушысы көз жұмды. Ал, екінші зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда апат орнында тергеушілер жұмыс істеуде.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Жол-көлік оқиғасы ҚР ҚК-нің 345-бабы (Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша тіркеліп, полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтауда» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар