+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Түркістан облысында жемқорлық тәуекелдері 50%-дан  2%-ға төмендеді

2020 жылғы 17 қыркүйек 17:44
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында жемқорлық тәуекелдері 50%-дан  2%-ға төмендеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында жемқорлық тәуекелдері 50%-дан 2%-ға төмендеді. Бұл туралы AntikorLive бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтауда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында онлайн-тренинг өтті Биыл 284 адамға қатаң сөгіс жарияланды - агенттік Таразда ЖШС директоры 1,5 млн теңге пара үшін 45 млн теңге айыппұл төлейді

«Түркістан облысында Smart Nation жүйесі енгізілді. Аталған жүйе арқылы жалпы орта білім беру ұйымдары педагогтарды жұмысқа қабылдауды реттей алады, сондай-ақ директорларды конкурстық тағайындау процесіне адами факторды тоқтатуға болады. Жүйеге 8456 педагог пен техникалық қызметкердің бос жұмыс орындары туралы хабарламалар ілінді. Нәтижесінде 2243 адам жұмысқа қабылданды. Оның 1479-ы – педагог, 764-і – техникалық қызметкер», - дейді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.

Оның айтуынша, Түркістанда мектепке жұмысқа тұру үшін пара беру керек деген әңгіме қалыптасып қалған.

«Бұл мәселені жойдық деп айта алмаймыз, бірақ соған келе жатырмыз. Директорлар және жұмысқа орналасатын азаматтардың байланысын үздік деп айтуға болады. Өйткені қазір құжаттарды тапсыру үшін ешкімнің көмегіне жүгінудің қажеті жоқ. Smart Nation жүйесінің тағы бір жақсы тұсы – балабақшаға бүлдіршіндерді қабылдауды реттейді. Қазіргі уақытта 82 136 бала осы жүйе арқылы кезекке тұрып, оларға электронды түрде 71 623 жолдама берілді.

Биыл дарынды балалар оқитын мектеп-интернатқа қабылдау да автоматтандырылып, 54 751 оқушы мектепке аталған портал арқылы қабылданды.

Сондай-ақ, Smart Nation порталы Enbek.kz порталымен интеграцияланып, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері 50%-дан 2%-ға төмендеді», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT