+7 (701) 759 90 19
USD 376.72 EUR 408.67
RUB 5.76 CNY 53.68
Jańalyqtar

Түркістан облысында жемқорлық бойынша мемлекетке келтірген залалдың  99,7% өндірілген

2020 жылғы 24 қаңтар 06:15
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында жемқорлық бойынша мемлекетке келтірген залалдың  99,7% өндірілген

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жылдық есеп бойынша қорытынды жиын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өскемендіктерге апта сайын тегін заңгерлік кеңес берілмек Ақтөбеде Беларусь инвесторының құқығы қорғалды СҚО-да тергеуші 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Өткен жылды қортындылаған мәжілісте департамент басшысы Хаким Көшқалиев сөз алып, тергеу саласында атқарылған жұмыстар мен анықталған жемқорлық қылмыстары бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталды.

Хаким Көшқалиевтің сөзінше, өңірде сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі бойынша 114 қылмыстық іс тіркелген. Оның ішінде 88-і сыбайлас жемқорлық қылмысы болып отыр. Сондай-ақ, өндірістегі қылмыстық істердің 328 ісі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданып, оның 81 іс айыптау актісімен сот қарауына жолданған.

100-ден аса қоғам өкілі қатысқан есеп беру жиынында өндірістегі қылмыстық істер бойынша мемлекетке жалпы көлемі 373,6 млн теңге залал келтірілгендігі мен оның 372,3 млн теңгесі (99,7%-ы) ел бюджетіне өндірілгендігі мәлім болды.

Департаменттің жүргізген талдау қорытындысына сәйкес, анықталған сыбайлас жемқорлық санатына жататын қылмыстардың басым бөлігі жергілікті атқарушы мекемелер мен ішкі істер қызметінде орын алғандығы ашық атап көрсетілді.

Айта кетсек, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі бойынша облыста тіркелген жемқорлық қылмысының саны 2018 жылмен салыстырғанда, едәуір төмен. Бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүргізілген түсіндіру шаралары мен ақпараттық-ағарту жұмыстарының жүйелі түрде жүргізілгенін көрсетеді. Жиын соңында департаменттің жаңа мерзімге құрылған жұмыс жоспары мен күн тәртібінде тұрған басты мәселелері атап өтіліп, БАҚ өкілдері тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға нақты жауатарп берілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT