Түркістан облысында жеке және заңды тұлғалардан арыз-шағым азайды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Өткен жылы Түркістан облысының Әділет департаменті 1398 жеке және заңды тұлғаның өтініші мен арыз-шағымдарын қарады. Барлығы 2522 мемлекеттік қызмет көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы бойынша Әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараев мәлім еткендей, 2018 жылмен салыстырғанда арыз-шағымдар 45 пайызға азайды.

«Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша 179 нотариус, 131 адвокат қызмет атқарады. Былтыр адвокаттар 5488 азаматқа тегін заңгерлік көмек көрсетті. Сондай-ақ, өткен жылы департаментке нотариустардың іс-әрекеттеріне қатысты 16 арыз-шағым түсіп, оның ішінде 8-і негізді деп табылды. Жалпы 2019 жылы 9 нотариустың лицензиясы уақытша тоқтатылып, 2 нотариустың лицензиясы тоқтатылды. Ал, адвокаттардың іс-әрекеттеріне 8 шағым түсіп, оның 1-і негізді деп танылған. Кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін 1 адвокаттың лицензиясының күші тоқтатылды», - деді Мұхит Тұрғараев.

Былтыр облыс бойынша 9 мемлекеттік сот орындаушы және 126 жеке сот орындаушы жұмыс атқарған. Атқару үстіндегі өндірістердің 101 131-і мемлекет пайдасына ақшаны өндіріп алуға қатысты болды. Оның ішінде 42 664 өндіріс орындалып (42 пайызы), мемлекет пайдасына 10 957 643 теңге өндірілді.


Соңғы жаңалықтар