+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Түркістан облысында жедел жәрдем қызметкерлері уланып қалған бір отбасыны құтқарды

2020 жылғы 23 қаңтар 03:14
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында жедел жәрдем қызметкерлері уланып қалған бір отбасыны құтқарды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Төле би ауданында бүтін бір отбасы газдан уланып қалды. Араларында 2 және 3 жасар бүлдіршіннің халі ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Төтенше жағдайда жұмыс істеп жатқан азаматтардың еңбегі ерен - сенатор Ақмолалық кәсіпорын ауруханаларды минералды сумен қамтамасыз етіп отыр Коронавируспен күрес: Қауіптіліктің бірінші санатындағы дәрігерлер айына миллион теңге алады

Шақыртуға шұғыл түрде жеткен Түркістан облыстық медициналық жедел жәрдем қызметкерлері дер кезінде көмек көрсетіп, газдан уланғандардың барлығын аман алып қалды.

Көмекке келген үш жедел жәрдем тобы жеті адамды Төле би аудандық орталық ауруханасына жеткізген. Қазір отбасы мүшелерінің өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Олар дер кезінде медициналық жәрдем көрсеткен мамандарға алғыс білдірді. Жалпы, жыл басынан бері облыстық жедел жәрдем қызметінің орталығына 43 мыңға жуық шақырту түскен. Аралрында жүрегі тоқтап, өмірі қыл үстінде тұрған науқастар да болған. Олар жедел-жәрдем қызметінің алғашқы көмегінің арқасында аман қалды.

Қазіргі таңда өңірде 200-ге жуық медициналық жедел жәрдем тобы қызмет атқаруда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT