Түркістан облысында жазушы Дулат Исабековтың кітапханасы ашылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ордабасы ауданында жазушы-драматург, қоғам қайраткері Дулат Исабековтың кітапханасы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кітапхананың ашылу салтанатында ҚР Жазушылар одағының мүшелері, елімізге танымал ақын-жазушылар мен зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, заңғар қаламгерді қуанышымен құттықтады. Атап айтсақ, Еркінбек Тұрысов, Бексұлтан Нұржекеев, Мархабат Байғұт, Құлбек Ергөбек, Қасымхан Бегманов, Қазыбек Иса және өзге де қаламгерлер жылы лебіздерін арнады. Кітапхана әрі мұражай ретінде салынған үйде Дулат Исабековтың кітаптары мен түрлі марапаттары, өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін заттар қойылған.

Жазушының жұмыс істейтін және демалатын бөлмелері де талапқа сай. Сонымен қатар, қазақ және әлем жазушылары мен ақындарының кітаптары бар. Жалпы саны 2500 кітапты жазушының өзі тарту еткен. Алдағы уақытта бұл кітапхана әлемнің әдебиет жауҺарларымен толығады.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде қолға алынған іс-шараға ел ағалары мен оқырман қауым ризашылығын білдірді. Енді бұл кітапханадан тек Ордабасы ауданының тұрғындары ғана емес, осы ауданға келген қонақтар да рухани қазына алып, танымдарын кеңейтеді.

Жиын соңында Дулат Исабеков өзіне құрмет көрсеткен жерлестері мен оқырман қауымға, облыс басшылығына алғысын айтып, қазақ әдебиетіне үлес қоса беретінін жеткізді. Осы шығармашылық үйінде түрлі шығармаларын жалғастыратынын айтты.  

nullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар