+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Түркістан облысында жазатайым оқиғалар суицид ретінде тіркелген - прокуратура

2019 жылғы 8 қараша 23:58
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында жазатайым оқиғалар суицид ретінде тіркелген - прокуратура

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы өзіне қол жұмсау деректері едәуір артқан. Бұл туралы облыстық прокуратура қызметкерлері, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессорлық-оқытушы құрамы мен полиция департаменті, қоғамдық даму басқармасының басшылары мен үкіметтік емес ұйым өкілдері бас қосқан жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі талқыланды Ақтөбеде жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады ШҚО-да 7 жасар қызды зорлаған жігіт асылып өлді

Облыстық прокуратураның мәліметінше, өңірде жасөспірімдердің жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар саны 24,6% кеміген. Алайда, кәмелетке толмағандар арасында 35 суицид тіркеліп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20% артқанын көрсетіп отыр. Жүргізілген талдау өңірдегі жалпы суицид санының ішінен балалар суицидінің 13% пайызды құрайтынын көрсеткен. Суицидке бейім ең қауіпті кезең 14-18 жас аралығы екені анықталып, дәл осы жаста балалардың 60% өзіне қол жұмсауға тырысатыны белгілі болған.

«Жасөспірімдердің өзіне қол жұмсауына ересектер арасында жиі орын алатын материалдық жетіспеушілік өмірлік қиыншылықтар мен әлеуметтік немесе тұрмыстық күйзеліс емес, отбасындағы, мектептегі және достар арасындағы қарым-қатынасқа байланысты процестер негізгі себеп болады. Суицид фактілерін зерделеу барысында прокурорлар қылмыстық қудалаушы органның суицидті есепке алу жұмысын дұрыс жүргізбегенін анықтады. Суицид жасауға әрекеттенгендер мен аяқталған суицид есебіне жазатайым оқиғалар енгізілген» делінген хабарламада.

Мәселен, Түлкібас ауданында дәрі-дәрмектен уланып, шұғыл дәрігерлік көмек көрсетудің арқасында тірі қалған баланың оқиғасын суицид ретінде жаңылыс есепке алған. Ал, Сайрам ауданында абайсызда бір шөлмек тыңайтқыш ерітіндісін су деп ойлап ішіп қойған жасөспірімнің улану жағдайын суицид ретінде тіркеген. Қадағалау органы өкілдері осындай деректер төрт жағдайда орын алғанын анықтаған. Олар бойынша есепке түзету енгізілген.

Сонымен қатар кеңеске қатысушылар балалар суициді мәселесін зерттеуге және білікті мектеп психологтарын дайындауға септігін тигізген «Рефрейм» үкіметтік емес ұйымының сапалы жұмысын атап өтті.

Айтып өтсек, облыс прокуратурасының бастамасымен Келес ауданының педагог-психологтарының біліктілігін арттыру мен оқытуға бюджеттен 2,5 млн теңге бөлінген болатын. Мамандардың біліктілігін жетілдіріп, жұмысын жақсартудың арқасында ауданда балалар арасындағы суицид саны 6-дан 1-ге дейін төмендеген.

Іс-шара барысында оқу орнының президенті Б.Абрасилов университеттің бірлескен іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға кіріскенін, онда мүдделі органдар қызметкерлері мен университет ғалымдары арасынан арнайы жұмыс тобы құрылғанын атап өтті. Прокуратура органдары анықтаған проблемалар бойынша және жасөспірімдер арасындағы суицид жөнінде зерттеу жұмыстары басталды. Зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін университет өз қаражаты есебінен әдістемелік нұсқаулар мен оқу-әдістемелік құралдар шығарады.

Қоғамдық ұйым өкілдері суицидтің алдын алу мақсатында ата-аналармен, педагогтарды ақпараттандырумен, баламен, мектеппен және жасөспірімдер ортасымен өзара іс-қимыл жасау туралы күрделі мәселелерді талқылау бойынша жұмыс жүргізуде мемлекеттік құрылымдармен күш-жігерді біріктіруге ниет білдірді.

«Еліміздегі әрбір жетінші бала біздің облыста тұрады. Осыған байланысты облыста тіркелген әр баланың өзіне қол жұмсау дерегі дабыл белгісі ретінде қабылдануы қажет. Мәселенің өзектілігін ескере отырып, университеттің ғылыми қызметкерлеріне балалар суициді мәселесін зерттеуге қатысуды ұсынамын», - деді жиынды қортындылаған облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT