Түркістан облысында жаз маусымы басталғалы 25 адамды қарақұрт шақты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жаз маусымы басталғалы бері 25 адамды қарақұрт шағып алған. Бұл туралы өңірдің Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма мамандарының хабарлауынша, улы жәндік шаққандардың барлығы облыстық жоғары қысымды оксигенация орталығының токсикология бөліміне жатқызылған. Қазір аталған орталықта ем қабылдап жатқан 10 адамның бесеуі балалар. Ауруханаға ауыр халде түскен алты жастағы бала қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Бөлім меңгерушісі Асылхан Мыңбосыновтың айтуынша, әзірге жәндік шаққандардың арасында өлім жағдайы тіркелмеген. Арнайы сараптама көрсеткендей, улы жәндік көбіне түнгі уақытта шағады. Сондай-ақ жел тұрған кездері де олардың қатары көбейіп кететін көрінеді.

Соңғы жаңалықтар