Түркістан облысында жасы 100-ден асқан 78 сайлаушы бар

None
Фото: Түркістан өңірлік коммуникация қызметі
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында жасы 18-ге толған 91, 100-ден асқан 78 сайлаушы бар. Бұл туралы Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әуелхан Тұрғымбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, облыста сайлаушылар тізіміне 1 млн 168 мыңнан астам сайлаушы енгізілген. Оның ішінде 19 наурыз күні 18-ге толатындары - 91 адам, 100 жастан асқан 78 сайлаушы бар. Ал мүгедектігі бар 20122 адам болса, оның көру қабілетінен айырылғандары - 2664, есту, сөйлеу қабілетінен айырылғандары - 2316, кресло-арбаларды пайдаланатындары - 3099 адам.

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беру құқықтарын қамтамасыз ету маңызды мәселе деп айтсақ болады. Оларға арнап сайлау учаскелерінде арнайы бұрыштар әзірленіп, кабиналар орнатылып, тактильді жолақтар төселген. Арнайы пандустар мен екі жақты белдеулер орнатылған. Барлық сайлау учаскелері бір тұрақты және 2 жылжымалы сайлау жәшіктерімен қамтылған. Олардың сапасын тиісті аудандық, қалалық аумақтық сайлау комиссиялары тексерген. Жасырын дауыс беру кабиналарының да сапасын аумақтық сайлау комиссиялары тексерді. Барлық сайлау учаскелері нормативтік және ақпараттық-методикалық материалдарға және жалпы сайлау ақпараттарына арналған екі тақтамен қамтылған», - деді Әуелхан Тұрғымбеков.



Соңғы жаңалықтар