Түркістан облысында жасөспірім қыз абайсызда суға батып кетті

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында 4-сынып оқушысы канал суына батып кетіп, қайтыс болды. Қайғылы жағдай Келес ауданының Абай ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 жастағы қыз 8 мамыр күні сағат 17:10-да «Ошақты» суармалы каналына құлап кеткен. Қасында болған құрбысы оның ойнап жүріп, абайсызда суға батып кеткенін айтқан.
«Жасөспірімді іздеу шараларына ТЖД ЖҚЖ (6 құтқарушы, 1 жүзу құралы және 1 бірлік техника), ТЖД (6 қызметкер және 2 бірлік техника), ЖАО (4 жұмысшы, 1 бірлік техника және 2 жүзу құралы) жұмылдырылды. Сондай-ақ, жасөспірімнің туыстары (12 адам), ПД (8 қызметкер және 2 бірлік техника) қатысты. Нәтижесінде кешкі сағат 21:20-да ТЖД туыстарының күшімен қыз баланың мәйіті құлаған жерінен төмен қарай 5 шақырым жерден табылып, судан шығарылды» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар