+7 (701) 759 90 19
USD 418.67 EUR 507.64
RUB 5.71 CNY 64.74
Jańalyqtar

Түркістан облысында жаңбырлатып суаратын техника шығарылады

2020 жылғы 27 қараша 01:35
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында жаңбырлатып суаратын техника шығарылады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында аграрлық секторды озық технологияға икемдеуде Сайрам ауданы көш бастады.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында өткен жылы ауыл шаруашылығы бойынша 40 жоба іске асырылды Өмірзақ Шөкеев Түркістанда жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралады Биыл Түркістан облысының Төле би ауданындағы 21 елді мекенде жолдар жөнделеді

Жаңбырлатып суару үшін пайдаланылатын АҚШ-тан әкелінетін арнайы техника осы ауданда шығарылмақ. Импорттық техниканың баламасын жасап шығару ісі облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қолдау тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барған облыс басшысы аталған зауыттың жұмысымен танысты. «Kaspy Construction» ЖШС бүгінде ауыл шаруашылығы техникаларын жасап шығару ісін жолға қойған. Егін алқабын жаңбырлатып суаратын құрылғыларды қолға алған кәсіпорын тас майлайтын, дақыл тазалайтын қондырғылар өндірісін жүзеге асырып келеді. Суды үнемдеп, өнім түсімін төрт есеге дейін арттыратын жаңбырлатып суару техникасын жасап шығаратын кәсіпорынды Түркістан қаласынан да ашу көзделген.

Аймақ басшысы Ақсукент ауылдық округінде сұйытылған газ сақтайтын және сататын «Gaz Standart System» ЖШС-нің жұмысымен де танысты. Өндірісте Шымкент қаласы, Атырау және Қызылорда облыстық мұнай өңдеу зауыттарының шикізаты қолданылады. Облыс әкімі сапар барысында кәсіпорынның ішкі нарықты қамтамасыз ету мүмкіндігін зерделеп, бірқатар тапсырма жүктеді. Өмірзақ Естайұлына аудандық коммуналдық салада атқарылып жатқан жұмыстар мен 12 елді мекенді табиғи газбен қамту мәселелері таныстырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT