Түркістан облысында жанармайды заңсыз тасымалдаушылар азаймай отыр

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 4 тәулік ішінде жанармайды заңсыз тасымалдаған 150-ге жуық жүк көлігі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында жанар-жағармайды заңсыз тасымалдауға жол бермеу, сондай-ақ рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралдарын анықтау бойынша рейдтік шаралар жүріп жатыр. Төрт күн ішінде 710 жүк көлігін тексеріп шыққан тәртіп сақшылары біршама заңсыздықтарды анықтады. Көлігіне қосымша отын бактарын орнатқан 150-ге жуық жүк көлігінің иесіне хаттама толтырып, әкімшілік шара қолданды.

«Рейд жұмыстарының барысында 63 жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігімен (тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару) хаттама толтырылды. Ал ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігімен (Көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу) 85 құқық бұзушыға әкімшілік шара қолданылды. Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 590-бабының 8-бөлігімен (рейс алдындағы техникалық қарап-тексеруден өтпеген) 5 жүк көлігіне де айыппұл салынса, 12 жүк көлігі айыптұраққа қойылды» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар