+7 (701) 759 90 19
USD 379.75 EUR 415.18
RUB 5.78 CNY 54.19
Jańalyqtar

Түркістан облысында жаңадан мұнай өңдеу зауыты салынуда

2020 жылғы 14 ақпан 20:55
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында жаңадан мұнай өңдеу зауыты салынуда

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Түркістан облысы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өңірлер арасында көш бастап тұр. Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша облыста кәсіпкерлікті жеңілдетілген пайызбен несиелендіру үшін қабылданған бағдарламамен 60 млрд теңгені құрайтын 316 басым жоба пулы қалыптасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Өзбекстанның байланыстарын орнықтыруда тағы бір қадам жасалды - Руслан Дәленов Түркістан облысы мен Өзбекстан арасында сауда-саттық дамып келеді Жамбылдағы пилоттық жоба: 5,4 млрд теңгеге 1,7 мыңнан астам жоба қаржыландырылды

Есептік жиында баяндама жасаған облыс әкімі өңір бойынша 15,2 млрд теңгені құрайтын 104 жобаны қаржы институттары қаржыландырғанын атап өтті.

«Аталған жұмыстардың нәтижесінде, шағын және орта бизнес саны 8,6%-ға, жұмыспен қамтылғандар саны 7,2%-ға (Республикада 2 орын) және өндірілген өнім көлемі 32,8%-ға (Республикада 1 орын) өсіп отыр. Сонымен қатар, олардың экономикадағы үлесі 20,4%-ды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен 2,7%-ға артты. Өздеріңізге белгілі, өңірде электроэнергиясы көздері тапшы. Сондықтан «Жасыл экономика» саясатын қолдау мақсатында, облысымызда баламалы энергия көздері бойынша 6 жоба іске асырылуда. Оның ішіндегі ірі жобалардың бірін атап өтсем, ол «EcoProTech Astana» ЖШС-гі Сарыағаш ауданында қуаты 20 МВт құрайтын күн электр станциясын іске қосты. Жоба құны 13,3 млрд теңгені құрайды»,- деді Өмірзақ Шөкеев.

Облыс әкімі өнеркәсіп саласын әртараптандыру аясында «Standard Petroleum & Co» ЖШС-нің жобалық құны 95 млрд теңгені құрайтын 1000 жуық жаңа жұмыс орны ашылатын мұнай өңдеу өнеркәсібі зауытының құрылысы басталғанын атап өтті.

«Ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңі іске қосылады деп жоспарлануда. Бұл зауыт Тәуелсіздік алғалы бері заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған алғашқы мұнай өңдеу зауыты екенін айта кету керек. Іске қосылғаннан кейін қуаттылығы жылына 2 млн тонна өнім шығаратын болады»,- деді Өмірзақ Естайұлы.

Айнұр Ақбаева


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT