Түркістан облысында жаңа босанған 10 мың әйел SMS арқылы құжат рәсімдеген

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында  жаңа босанған аналар SMS арқылы құжат рәсімдеуде. Қазір мұндай қызметті 10 мыңнан аса келіншек пайдаланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы баспасөз қызметінің хабарлауынша,  қазір жергілікті тұрғындарға проактивті қызметті алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде көрсеткіш те өскен.

nullСонымен қатар, мекеме мамандары тарапынан «Проактивті өмірді таңда!» акциясы барысында 400-ден аса нәзік жандыға аталған қызмет түрі бойынша кеңес берілді. Арнайы нұсқаулығы бар ақпараттық парақшалар үнемі таратылып келеді. Бұдан өзге, телефон арқылы, шот нөмірі арқылы жәрдемақы рәсімдеуге және балабақша кезегіне тұруға мүмкіндік бар. 

Соңғы жаңалықтар