Түркістан облысында жалпы өңірлік өнім 1 трлн 103,9 млрд теңгені құрады

None
None
ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев халық алдында есеп беріп, өткен 2018 жылы өңірде атқарылған ауқымды жұмыстармен таныстырды. Жиында аймақ басшысы облыста жалпы өңірлік өнім көлемі 1 трлн 103,9 млрд теңгені құрап, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 103,9 % құрағанын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, өңірде көптеген кәсіпорындардың қуатын арттырып, технологиялық процесті модернизациялаудың арқасында өнеркәсіп секторының орнықты дамуына қол жеткізділді.

«2018 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 453,8 млрд теңгені құрап, 43,1 млрд теңгеге өскен. Өңдеу өнеркәсібі де дамып келеді. Мұнда 236,9 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 13,7 млрд теңгеге артты. Индустрияландыру картасы аясында 2018 жылы 10 жоба іске асырылып, 800-ден аса жұмыс орны ашылды. Биыл индустрияландыру картасы аясында инвестициялық құны 11,9 млрд теңгені құрайтын 15 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз», - деді Жансейіт Түймебаев.

Аймақ басшысының сөзінше, өткен жылы облыстың инвестициялық климатын жақсарту үшін Елбасы Жарлығымен Түркістан қаласында 1338 гектарда «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны - 130 804. Бұл көрсеткіш бойынша облыс республикада екінші орынға тұрақтаған.

null

Соңғы жаңалықтар