Түркістан облысында жалған құжатпен жұмыс істеген мұғалімдердің ісін полиция тексереді

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жалған құжатпен қызмет атқарған мұғалімдердің ісін полиция тексереді. Бұл туралы Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркістан облысында жалған құжатпен жұмыс істеген қызметкерлердің нақты саны белгісіз. Әзірге күмәнді факторлар анықталып, толық тексерілуде. Тергеп-тексеру жүргізу үшін облыстық полиция департаментіне ресми хат жолданған. Тексеру қорытындысы бойынша қосымша хабарланатын мәлімдейміз» - делінген басқарма тарапынан берілген жауапта.

Айта кетейік, Түркістан облысы білім басқармасының сұранысымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті бірлескен бұйрық негізінде сыртқы талдау жүргізген болатын. Нәтижесінде Түркістан облысында 300-ден астам мұғалімнің дипломы талапқа сай болмай шықты.


Соңғы жаңалықтар