Түркістан облысында жабық базарлардың қызметі демалыс және мереке күндері тоқтатылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында карантин мен шектеу шаралары ұзартылды. Өңірдің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышановтың қаулысына сәйкес, азаматтардың қоғамдық орындар жүріп-тұруына байланысты және әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандардың жұмыс кестесіне қатысты тәртіп шаралардың нормалары бекітілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа қаулыға сәйкес, жабық базарлардың қызметі демалыс және мереке күндері тоқтатылған. Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін қызмет көрсетіп, үй жанындағы дүкендерге сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат беріліп отыр. Ал, мал базарлар санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, тек сәрсенбі күні жұмыс істеуіне рұқсат етілген.

Сонымен қатар, алып кету және жеткізіп беру режимінде жұмыс істейтін нысандардан басқа, қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметі демалыс күндері мен мереке күндері жұмысын тоқтатуы тиіс.

Дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін қызмет көрсетуге рұқсат берілсе, санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау арқылы 2 метр әлеуметтік қашықтық сақтау міндеттелген.

Ал, сауда саласындағы нысандар мен оның ішінде пісірілген өнімдерді, фаст-фудты, балмұздақты, сусындарды өткізу дүңгіршектері қызметі күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен сағат 09.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілген. Құрылыс, оптика, гүл дүкендері мен зоомагазиндердің қызметі жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс және мереке күндері жұмысы тоқтатылып отыр.

Сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА-орталықтардың косметологиялық қызмет көрсететін объектілер қызметі (1 келушіге 4 ш.м. дейін, алдын ала жазылу бойынша, жазылу журналын жүргізумен, жазылу журналын нөмірлеу және тігу) сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін шектеледі. Моншалар мен сауналардың қызметі 50 пайыздан аспайтын сыйымдылықта сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін, демалыс (сенбі-жексенбі) және мереке күндері жұмысы тоқтатылады. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының қызметі 15 адамнан артық емес жұмыс істеуіне рұқсат етілген.

Фитнес-орталықтары мен спорттық-сауықтыру орталықтары 30 пайыздан аспайтын сыйымдылықпен, әрбір жанға 5 шаршы метр аумақтан кем емес, алдын ала жазылу журналы арқылы жұмыс істеп отыр. Мұндай нысандар да демалыс және мереке күндері қызмет көрсетпейді.


Соңғы жаңалықтар