Түркістан облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер анықталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында полицейлер «Мигрант» профилактикалық іс-шарасын өткізді. ҚР ІІМ-нің заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл мен заңбұзушылыққа жол берген мигранттарды анықтау мақсатында ұйымдастырылған шарада жасырын түрде жұмыс істеп жүрген шетелдіктер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған іс-шара барысында Отырар АПБ-нің жеке құрам қызметкерлері жүргізген іс-шаралар барысында уақытша тіркелген 416 шетелдік азаматтың тұрғылықты мекенжайы тексерілді. Олардың бірқатарына жеке куәлігінің мерзімі өткені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша айыппұлдар салынды. Күдік тудырған 19 азамат Отырар АПБ-не жеткізіліп, саусақ іздері алынды. Ал, Кентау қаласында 37 шетел азаматына ҚР ӘҚБтК 517-бабы бойынша хаттама толтырылып, ескерту берілді. 2 шетел азаматы сот шешімімен елден аластатылып, тағы бір шетелдікке айыппұл салынды. Кеншілер қаласындағы 63 шетелдік азаматтың жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп, заңбұзушылыққа жол берген шетелдіктер әкімшілік жазаға тартылды. Шетелдік мигранттардың кейбірінің Қазақстанға келіп-кету тәртібін бұзғаны анықталса, енді бірі рұқсатсыз табыс тауып жүргені белгілі болды.null null null

Соңғы жаңалықтар