Түркістан облысында заңсыз жолаушы тасымалына қарсы рейд өтті

None
None
ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес, заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою мақсатында рейдтік шара өтті. Облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастырумен өткен шараға құзырлы органдармен бірге ПД Жергілікті полициясы, көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарыағаш, Жетісай, Мақтаарал аудандарында өткен рейд кезінде жолауылар тасымалы ережелерін бұзған бірнеше такси жүргізушілері анықталды. Шара нәтижесінде, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, қоғамдық көліктерге қатысты 12 хаттама түзілді. Бекітілген жұмысшы топ тарапынан жергілікті әкімдікке жеңіл такси көліктеріне арнайы тұрақ ұйымдастырып, заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын көлік иелерінің хабарламаларын тіркеу тапсырылды. Сондай-ақ, қысқа мерзім ішінде барлық жолаушылар көлігімен айналысатын көліктердің жұмысын заңдастыру жүктелді.
null

Алдағы уақытта аудан, қала әкімдіктерінде заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою мақсатындағы жұмыстар тұрақты жүргізілетін болып шешілді.

null null

Соңғы жаңалықтар