Түркістан облысында заңсыз кір жуатын ұнтақтар жасайтын цех анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері контрафактілік кір жуу ұнтақтарын дайындайтын астыртын цех қызметінің жолын кесті.

Бұл туралы ҚазАқпарат агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Түркістан қаласының тұрғыны Р. Абдуллаев «Иштихат» тұрғын алабы, Доспанбет жырау көшесі мекенжайы бойынша цех ұйымдастырғаны, онда заңсыз жолмен «Ariel», «Тide», «Миф», «Persil» маркалы 2, 3, 6 кг көлемдегі ұнтақтар дайындағаны анықталды.

Ұнтақтарды буып-түюге және өлшеп-орауға арналған 7 жабдық, 500-ден астам ұнтақ қаптамасы, 20 кг-дық 100-ден астам ұнтақ, белгілі маркалардың атаулары бар полиэтилен пакеттер тәркіленіп алынды.

Құқық иесі «The Procter&Gamble Company» компаниясына зор залал келтірілді.

Р. Абдуллаевқа 5,9 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

«Контрафактілік тауарларды өндіру және сату - бұл көп миллиардтық айналымды қамтитын жаһандық мәселе. Бұл мемлекетке де, азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне де айтарлықтай зиян келтіреді.

Қауіп сонымен қатар киім мен балалар ойыншықтарынан бастап тамақ пен дәрі- дәрмектерге дейін контрафактілік өнімдердің кең таңдауында жатыр.

Қаржылық мониторинг агенттігі контрафактіні өндіру және өткізу деректерімен күрес жүргізуде»,-делінген ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар