Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78
Jańalyqtar

Түркістан облысында заңсыз қару мен оқ-дәрі сақтағаны үшін 4 азамат ұсталды

2019 жылғы 13 ақпан 17:11 269
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында заңсыз қару мен оқ-дәрі сақтағаны үшін 4 азамат ұсталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облыстық ПД Криминалды полиция басқармасының қызметкерлері жедел-алдын алу іс шарасы көлемінде заңсыз атыс қаруын сақтау дерегін анықтады. Жергілікті 4 тұрғын заңсыз қару мен оқ-дәрі сақтағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда халықтан 6 млн теңгеге заңсыз сақталған қару-жарақ сатып алынды

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-іздестіру шарасы барысында Шымкент қаласындағы пәтерлердің бірінен қару-жарақ табылған.  Жедел уәкілдер Түркістан облысы тұрғындарынан екі дана кесілген шолақ мылтық пен гильзаны тауып, тәркіледі. Полиция бөліміне ұсталғандар болған мән-жайды анықтау үшін жеткізілді. Қазіргі таңда күдіктілердің қандай мақсатта өздерінде атыс қаруын сақтағандығы тексеріліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған дерек  ҚР ҚК-нің 287 «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабы бойынша СДТБТ тіркеуге алынды. Сараптама тағайындалып, күдіктілер қамауға алынды.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Заң, Түркістан облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT