Түркістан облысында заңсыз балық аулаушылар азаймай тұр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Түркістан облысы бойынша бөлімі жыл басынан бері заңсыз балық аулау фактісімен 171 оқиғаны анықтап, 159 әкімшілік хаттама толтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Табиғат заңдылығын бұзудың алдын алу және анықтау мақсатында 78 рейд, оның ішінде құзырлы органдарымен бірлескен іс-шараларға сәйкес 34 рейд ұйымдастырылды. 2 істі сот органдары қарап, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, 12 іс бойынша қылмыстық іс құқық қорғау органдарына жолданса, 6 іс бойынша кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылды»,- дейді облыстық балық инспекциясы басшысының орынбасары Мейіржан Өмірәлиев.

ҚР ІІМ Түркістан облысы жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Нұрлан Тұмабаев 11 қазан мен 11 қараша аралығында Түркістан және Қызылорда облыстарының аумағында жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілгенін жеткізді.

Рейд барысында балық қорғау заңнамасын бұзудың 36 фактісі анықталып, 35 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылған.


Соңғы жаңалықтар