Түркістан облысында заңсыз ауланған 400 келі балық 3 балабақшаға үлестіріліп берілді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, заңсыз балық аулаушылардың жолы кесілді. Аталған шара барысында Созақ АПБ-нің полицейлері мен орман шаруашылығы, «Охотзоопром» қызметкерлері бірлескен рейд жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары Қаратау-Тайқоңыр технологиялық тас жолы бойында күдік туғызған көлікті тоқтатқан. Тексеру кезінде ішінен 400 келі заңсыз ауланған түрлі балықтар мен балық аулауға арналған құрылғылар табылған. Тергеу барысында күдіктілердің үшеуі де жергілікті тұрғындар болып шықты. Олар өз кінәларын толық мойындады.
«Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау» бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ал, заңсыз ауланған балықтар Шолаққорған ауылындағы 3 бөбекжай-балабақшаға үлестіріліп берілді», делінген хабарламада.
Полицейлер «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы Түркістан облысының аумағында 5 ақпанға дейін жалғасатынын ескертеді.
- Қаңтар айында пойыздардан 90-нан астам жолаушы түсірілген
- Түркістан облысында жол жабылып, тау ортасындағы ауыл қар құрсауында қалып қойды
- Шекарашылар есірткіні контрабандалық жолмен алып өтудің алдын алды
- Павлодарда мас адам трассадағы ағылып жатқан көліктің астына түспек болған
-
Сайрамда 50 жылдық мерейтойға жиналғандар үйді-үйіне қайтарылды
-
Қызылордада казино ашқан тұрғынның бас бостандығы 6 айға шектелді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам