Түркістан облысында волейболдан әйелдер командасы құрылады

None
None
ТҮРІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында алғаш рет волейболдан әйелдер командасы жасақталады. Бұл туралы Түркістан қаласындағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев пен волейбол федерациясы басшылығының қатысуымен өткен жиында мәлім болды.

Жиында Түркістан облысының аудандары, Шымкент пен Алматы қалалары және Алматы облысынан келген әлеуетті спортшы қыздарымен кездесіп, іріктеу өткізілді. Аталмыш іріктеу сәуір айының соңына дейін жалғаспақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мамыр айында біз өте мықты спортшы қыздардың волейбол командасын құрай алатынымызға сенімдімін. Алдағы уақытта біз жас спортшыларымыздың республикалық және халықаралық біріншіліктерге қатысып, биік белестерді бағындыруына барынша қолдау көрсететін боламыз» , – деді Федерация президенті М. Мырзалиев.


Жиынға қатысушылар барлық жастарды салауатты өмір салтын насихаттай отырып, елімізде волейбол спортын, оның ішінде әйелдер спорты деңгейін жоғарылатуға және дамытуға өз үлестерін қосуға шақырды.


Соңғы жаңалықтар