+7 (701) 759 90 19
USD 414.46 EUR 451.35
RUB 5.77 CNY 58.12
Jańalyqtar

Түркістан облысында вирус жұқтырған үш адам Нұр-Сұлтаннан келген әйелмен байланыста болған

2020 жылғы 1 сәуір 10:37
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында вирус жұқтырған үш адам Нұр-Сұлтаннан келген әйелмен байланыста болған

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында індет жұқтырған үш адам Нұр-Сұлтан қаласынан келген әйелмен қарым-қатынаста болғаны анықталды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сәкен Қалқамановтың айтуынша, өңірде бүгін коронавирус жұқтырған тағы төрт адамның тұрғылықты жері белгілі болды.

«Үш адам Нұр-Сұлтан қаласынан келген әйелмен жақын қарым-қатынаста болған. Ал, бесінші науқас Алматы қаласынан келген. Осы жағдайға қатысты өзге мәліметтерді онлаин брифингте айтатын боламыз», делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше Түркістан облысында бір адамның індет жұқтырғаны анықталған. Ол 23 наурыз күні Павлодар-Қызылорда бағытындағы поезбен келген Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты. Ол, 27 наурызда қызуы көтеріліп, ауруханаға 30 наурыз күні қаралған. Әзірге анықталғаны - науқаспен 16 адам қарым-қатынаста болған. 5 адам Нұр-Сұлтан қаласында байланыста болса, 11 адам Жетісай қаласының тұрғындары екені расталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT