+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Түркістан облысында ветерниарлық ахуал тұрақты

2019 жылғы 4 қазан 14:03
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында ветерниарлық ахуал тұрақты

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Түркістан облысында ветеринариялық іс-шаралардың 9 айлық жоспарына сәйкес, жануарлардың аса қауіпті 14 ауруына қарсы 28 млн 555 мың доза вакцина егілді.

Ұқсас жаңалықтар
Байқоңырда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті Ақмола облысында 10 мың бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңы ашылды Бағаны тұрақтандыруда жүйелі жұмыстар қажет – Асқар Мырзахметов

Бүгінгі таңда өңірде жануарлар арасында ветеринарлық ахуал қатаң бақылауда. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді.

Энзоотиялық аурулардың алдын алу бойынша көктем, күз айларында 2 млн 518,6 мың бас ірі мал бүркілсе, 8 млн 147,6 мың бас ұсақ мал тоғытылған. Сондай-ақ, үй іргелік қора жайлар мен жапсарлас аумақтары, буферлік аумақтар залалсыздандырылып отыр.

«Аусыл ауруына қарсы вакцина 1 млн 384,4 мың бас ірі қара малға, 6 млн 86,4 мың бас ұсақ малға егіліп, 2002 жылдан бері аусыл ауруы тіркелмеген. Ал сібір жарасы ауруына қарсы 1 млн 201,6 мың бас ірі қара малға, 5 млн 456,6 мың бас ұсақ малға, 302,9 мың бас жылқыларға, 25,2 мың бас түйелерге вакцина егілді. Облыс аумағында 2003 жылдан бері жануарлар арасында сібір жарасы ауруы тіркелмеді», - деді Нұрбек Бақтыбайұлы.


Сонымен қатар, сарып ауруына қарсы жануарлар арасында диогностикалық зерттеулер жалпы 3 млн 377,7 мың бас малға жүргізілді. Нәтижесінде 389 бас ірі қара мал, 532 бас ұсақ мал ауруға «оң» нәтиже көрсетіп, арнайы орындарда сойылып залалсыздандырылды. Мал иелеріне жалпы 100 млн 570,2 мың теңге өтемақы төленді. Сарып ауруымен адамдар арасында аурушаңдық 37 адамға кемісе, адамдарды кене шағу 333 адамға азайған.


Облыста мал көмінділерін тастайтын 257 орын бар. Оның ішінде: 111-і типтік үлгіде, 146-ы ыңғайластырылған. Соныман қатар, 14 дана инсинератор пеші бар. Бұдан өзге, құтыру ауруына қарсы 187,5 мың бас итке, 32,8 мың бас мысыққа вакцина егілген. Құтыру ауруының алдын алу мақсатында бүгінгі таңға 55 362 бас қаңғыбас ит-мысық ауланып жойылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT