Түркістан облысында ұялы телефон арқылы ақша тонағандар ұсталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарды әлеуметтік желі арқылы алдап, алаяқтықпен айналысқан күдіктіні ұстады. Ол телефон арқылы жәбірленушілердің жарты миллион теңгеге дейін ақшасын ұрлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс тұрғындарының бірі полицияға арызданып келген. Ол өз арызында белгісіз тұлғаның ұялы телефонын сұрап, жеке мәліметтерін біліп алғанын көрсеткен. Сөйтіп шотынан 200 мыңнан астам теңгесін қолды еткен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында осы қылмысқа қатысы бар деген күдікті ұсталған. Тексеру кезінде ол жәбірленушілердің атынан несие рәсімдеп, алдаумен айналысқанын мойындаған. Осылайша сезікті азаматтардың сеніміне кіру арқылы 3 рет алаяқтық жасаған болып шықты.

Полиция қызметкерлері сондай-ақ алаяқтық бойынша 2 жайтқа қатысы бар деген күдікпен Ордабасы ауданының тұрғынын қолға түсірді. Алаяқ әйел де жәбірленушілердің жеке мәліметтерін пайдаланып, әлеуметтік желі арқылы онлайн-несие рәсімдеген. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 200 мың теңгені құрап отыр.

Қазіргі таңда, Қылмыстық кодекстің 190-бабы мен «алаяқтық» бойынша іс озғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар