Түркістан облысында үшем дүниеге келді

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысының №2 облыстық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Бәйдібек ауданының тұрғыны 2 перзентінен соң, 3 ұл босанып, батыр ана атанды.

Жаңа туған нәрестелерге Арслан, Алихан, Асылхан есімдері берілді. Олардың салмағы 1290 гр, 1230 гр және 1115 гр. Мерзімінен ерте дүниеге келген үшем перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлері ана мен балаларына көмек көрсетіп, тиісті шараларды қабылдады. Балалардың жағдайы жақсы.

Бүгін перинаталдық орталықтың медицина қызметкерлері анасы мен нәрестелерге мықты денсаулық тілеп, үйіне шығарып салды.

Айта кетейік, бұл жыл басынан бері Түркістан облысында дүниеге келген үшінші үшем. Бұдан алдын Сарыағаш және Түркістан қаласының тұрғындары өмірге үшем алып келгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар