Түркістан облысында үшем дүниеге келді

None
None
КЕЛЕС.ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Келес ауданында төртінші үшемдер дүниеге келді. Қошқарата ауылдық округінің тұрғыны Майра Омарова облыстық №1 периниталдық орталығында 3 ұл босанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үшемге Ақасыл, Нұрасыл және Бекасыл атты есімдер берілді. Бүгінде сәбилер мен анасы «Абай» ауруханасында ем қабылдап, дәрігерлердің бақылауына алынған. Нәрестелердің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, үйіне шығарылып жатыр.

Айта кетейік, үшем дүние келген отбасының 1 ұл мен 1 қызы бар. Бұған дейін аудандағы Бірлік және Ұшқын, Біртілек ауылдық округтерінде үшемдер туған болатын.


Соңғы жаңалықтар