Түркістан облысында ұрланған 50 бас мал иелеріне қайтарылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы «Мал ұрысы» жедел алдын алу шарасы барысында полиция қызметкерлері 10 қылмысты ашты. Ұрланған 50-ден астам мал иелеріне қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәселен, жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары Бәйдібек ауданынан мал ұрысын ұстады. Ол ұрлаған үш қойды сатып, түскен ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Сондай-ақ, «Мал ұрысы» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде тәртіп сақшылары 16 жергілікті тұрғынның жоғалған қойларын жайылымнан тауып берген.


Соңғы жаңалықтар