Түркістан облысында туризм және кәсіпкерлікті дамыту мәселесі талқыланды

None
None
ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат - Түркістан облысында аймақ басшысы Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес туризм және кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда.

Осы мақсатта Келес ауданында «Түркістан» ӘКК филиалы «Тurkistan Invest» компаниясының директоры Нариман Ілиясов пен инвестиция тарту бойынша атқарушы директоры Мадияр Данияров көшпелі семинар өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқосуға аудандағы 12 ауылдық окруктің әкімдері қатысты. Семинар барысында аудан әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаев кәсіпкерлік нысандар мен туризм саласын дамытуға ыңғайлы жерлерді таныстырды. Туризм және кәсіпкерлікті дамыту салалары бойынша әкімдер тарапынан ұсыныстар мен жобалар ұсынылды. Жиын соңында «Тurkistan Invest» филиалының өкілдері аудан тұрғындарының еңбекқорлығын және жердің құнарлығын айта кете, бұл өңірге инвесторларды тарту ыңғайлы екенін жеткізді. Алдағы уақытта Келес ауданы кәсіпкерлік өңіріне айналуына мүмкіндігі мол екенін атап өтті.

Айта кетейік, жаңадан құрылған ауданда кәсіпкерлік саласы біртіндеп қарқын алып келеді. Бүгінде Жуантөбе елді мекеніндегі «ТМ-Строй-21» ЖШС-нің жіп иіру және қыш зауыттары ашылып, жұмыс істеуде. Жобаның жалпы құны - 250 млн теңге, өндіріс орны жылына 1000 тонна пресс жібін дайындайды.

Ал жобалық құны 160 млн теңгені құрайтын қыш зауытының жылдық қуаты 32,4 млн дана болмақ. Биыл құрылысы басталған өндіріс орны 2020 жылы толық іске қосылады. Сондай-ақ, Қошқарата ауылдық округіндегі «Қайнар» ЖШС-нің тың жобасы қолға алынған. Жобаның негізгі бағыты - қымыз өндіру және ат спортын дамыту болып табылады. Бүгінде серіктестік жалпы саны 50 сауынды биеден күніне 150-200 литр қымыз өндіріп отыр.
null

Соңғы жаңалықтар