USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Түркістан облысында тұрғындар тойларды үйінде жасауға көшкен

2021 жылғы 19 тамыз 12:47
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында тұрғындар тойларды үйінде жасауға көшкен

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында тойханалар жабылып жатқан соң, тұрғындар отбасылық шараларды үйлерінде жасауға көшкен. Мақтаарал ауданында полицейлер үйінде той жасаған екі тұрғынды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Егілмеген жоғары сынып оқушылары мектепке жіберілмейді» - фейк Түркістан облысында 66 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті СҚО-да эпидахуалға байланысты мобильді бригадалардың саны артты

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Мақтаарал ауданына қарасты Гүлістан ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде той өтіп жатқаны белгілі болған. Карантин талаптарын өрескел бұзған тұрғын 50-ге жуық адамға «Қыз ұзату» тойын жасап, қонақтар жинап алған. Сонымен қатар полиция қызметкерлері келесі бір үйде 50 адам жиналып, «Беташар» тойын өткізіп жатқанын анықтаған.

Учаскелік полиция инспекторлары екі тойды да тарқатып, жиналған қауымға түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Карантин талабын сақтамай, адамдардың көптеп жиналуына жол берген той иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигеналық нормативтерді бұзу» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған. Барлық құжаттар Мақтаарал аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT