Түркістан облысында тұрғындар көкпар ұйымдастыруды тоқтатпай отыр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында тұрғындар карантин талаптарына бағынбастан көкпар ұйымдастыруды тоқтатпай отыр. Жыл басынан бері облыста жеті рет көкпар ұйымдастыру жайты тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Жетісай ауданы полицейлер кезекті рейд жүргізу барысында көкпар ойыны ұйымдастырылып жатқанын анықтаған.

Жергілікті тұрғын 200-ге жуық адамды жинап, көкпар беріп жатқаны белгілі болды.

Тәртіп сақшылары ойынды дереу тоқтатып, қатысушыларды үйлеріне қайтарған. Оларға түсіндіру жұмысын жүргізген.

Ал, ойынды ұйымдастырушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырған.

Жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін Жетісай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық орталығына жолданған.

Дәл осындай жайт Арыс ауданында да орын алған. Арыс АПБ қызметкерлері аудан орталығының батыс беткейінде көкпар ұлттық ойыны өтіп жатқанын анықтаған.

Аталған көкпарға 100-ге тарта тұрғын жиналыпты.

Санитарлық талаптарға бағынбаған көкпар ұйымдастырушы да әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл төлейтін болды.



Соңғы жаңалықтар