Түркістан облысында туабітті жарақаты бар науқастарға күрделі ота жасалды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының травматолог-хирургтері бірнеше күрделі операция жасап, туабітті жамбас буыны жарақаты бар науқастарды емдеді. Көшпелі бригада Түркістан қаласының орталық ауруханасында жамбас буынын эндопротездеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Травматологтар, хирургтар және медбикелер командасының нақты және үйлесімді іс-әрекетінің арқасында туабітті кеселі бар жандарға «Stryker» корпорациясының импланттары қойылды. Әлемдегі ең ірі медициналық жабдықтар, құралдар өндірушісі саналатын компанияның протездері көбіне жамбас ақауымен туған және егде жастағы адамдарға ұсынылады, өйткені қозғалыс шектелген жағдайда отаның әсері де ұзаққа созылуы мүмкін. Жамбас буынын эндопротездеу (ТЭТБС) науқастың жанына батқан жараны жазып қана қоймай, өмір сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, буын қызметін қалпына келтірудің тиімді тәсілі саналады.

«Түркістан облысының тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі - облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығы қойған басым міндеттердің бірі. Бүгінде Түркістан орталық ауруханасында тәулік бойы медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Тек бір жыл ішінде клиникалық ауруханада 300-ге жуық адамға жамбас және тізе буындарының операциясы жасалады. Оның басым бөлігі - егде жастағы науқастар»,- дейді аурухананың бас дәрігері Марат Пашимов.

Соңғы жаңалықтар