Түркістан облысында трамадол сатқан фармацевт ұсталды

Фото:
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістандық полицейлер 300-ден астам трамадол сатқан дәріханашыны ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.

ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шардара қаласындағы дәріханалардың бірінде трамадол препаратын заңсыз сату дерегін анықтады.

– Дәріхана сатушысы ұсталды. Тексеру кезінде оның 30 мың теңгеге әсері күшті трамадол препаратының 340 таблеткасын рецептсіз сатқаны анықталды. Бұл жайт Шардара ауданы полициясында тіркеуге алынды, - деді Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.

Аталған факті бойынша жиналған материалдар Түркістан облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне ҚР ӘҚБтК 426-бабы 1-бөлігі бойынша жолданды.


Фото: t.me/POLICE_of_KZ


Соңғы жаңалықтар