Түркістан облысында той өткізгендерге айыппұл салынды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Сарыағаш және Жетісай аудандарында мониторингілік топ кезекті рейд барысында 200-ге жуық қонақ шақырылған мерекелік іс-шараларды анықтады. Ал Келес ауданының тұрғыны жеке үйінің ауласында шектен тыс адамның қатысуымен той өткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес 27 қыркүйектен бастап 100 адамнан асырмай отбасылық іс-шараларды өткізуге рұқсат берілген. Дегенмен, бұл шектеулерге қарамастан өңір тұрғындарының көпшілігі қонақтар санына қатысты шектеуді елемей, мерекелік іс-шаралар өткізуді жалғастыруда.

Мобильді топ мүшелері СЭБД-нің Қаулысы талаптарын орындамағандығы үшін кінәлі тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес айыппұл салды.

Жалпы облыста карантин талаптарының сақталуына бақылау жүргізетін 120 мониторингілік топ жұмыс жасауда. Жыл басынан бері бүгінге дейін 4 711 карантин талаптарын бұзушылық анықталып, 264 427 000 көлемінде айыпұл салынған.


Соңғы жаңалықтар