Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде 850-ден астам құқық бұзушылық анықталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде блок бекеттерден өтіп жатқан 14 мыңнан аса көлік тексерілсе, айыптұраққа 100-ден астам көлік қойылған. Полиция бөлімшелеріне 1 200-ден астам адам жеткізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдай режимін бұзу бойынша 863 жайт анықталған. Оның ішінде 47 тұрғынға соттың шешімімен әкімшілік айыппұл салынған. 73 азаматқа ескерту беріліп, 2 азамат әкімшілік қамауға алынған. Бұл құқық бұзушылық жасағандардың кейбірі жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрсе, кейбірі коменданттық сағат кезінде үйінен басқа жерде болғаны үшін жауапқа тартылған.

«Олардың көбісі жастар. Түнгі уақытта себепсіз, құжатсыз жүргендері анықталды. Олардың енді кейбірі дәріханаға болмаса азық-түлікке, болмаса жолдан кешігіп келе жатқанрын айтып ақталып жатыр. Қалай дегенмен бұл - заң талабы»,- дейді Түркістан облыстық сотының алқа төрағасы Нұрлан Биболов.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабымен «Төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер» 8 дерек анықталған. Әкімшілік кодекстің 488-бабы бойынша «Бейбіт митинг туралы заңды бұзу» 8 жайт тіркеліп, 1 тұрғынға ескерту берілген. 6 адам қамауға алынып, 1 тұлғаға айыппұл салынған.


Соңғы жаңалықтар