+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Түркістан облысында төрт шекарашы «Қоғалы» заставасын су тасқынынан қорғап қалған

2020 жылғы 16 мамыр 16:45
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында төрт шекарашы «Қоғалы» заставасын су тасқынынан қорғап қалған

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ. ҚазАқпарат – Блогер Яков Федоров Facebook-тегі парақшасында төрт әскери қызметшінің Түркістан облысында «Қоғалы» шекара заставасын су тасқынынан қалай қорғағанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«1 мамырда су тасқыны тек Мақтаарал ауданында емес, Жетісай ауданында да болды. Топан су алғаш болып «Қоғалы» шекара заставасына жетті. Ал, одан кейін Қоғалы ауылы орналасқан. Судың ауқымы - 600-700 метр болды. Әскери қызметшілер застава мен ауылды су алмау үшін 5 техникамен кештен бастап таңғы сағат 5-ке дейін биіктігі 3 метр, ұзындығы 1030 метр болатын дамба салды», - деді Яков Федоров.

Онымен бір уақытта оқ-дәрілер мен жеке құрамды эвакуациялады. Эвакуациядан кейін ауыл мен заставаның арасындағы көпірді су басып қалды. Төрт шекарашы – застава бастығы, старшина және екі келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметші заставада қалып қойған. Олар дамбаның жағдайын бақылап, застава мен шекараны қорғаған. Су деңгейі тек 5 мамырдан кейін ғана азая бастаған.

«Адамдар су қоршауында қалып қойған «Қоғалы» шекара заставасындағы төрт азаматтың есімін естеріне сақтаса деймін! Су тасқынынан заставаны қорғаған жігіттер мыналар:

Аға лейтенант Ербатыр Шәкенов (1994 ж.) – «Қоғалы» шекара бөлімінің бастығы, ШҚО Марқакөл ауданының тумасы.

Келісімшарт бойынша қызмет ететін сержант Ерлан Маханов (1988 ж.) – шекара заставасының старшинасы, Шымкентте туған.

Қатардағы келісімшарт қызметкері Асқат Ниязбек (1993 ж.) — шекара заставасының жүргізушісі, Мақтаарал ауданында дүниеге келген.

Қатардағы келісімшарт қызметкері Бекжан Нұржау — Жетісай тумасы», - деп жазды Яков Федоров.



Фото: Яков Фёдоров/www.facebook.com

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT