Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Түркістан облысында «Төле би» фильмінің таныстырылымы өтті

2019 жылғы 19 маусым 23:17 862
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында «Төле би» фильмінің таныстырылымы өтті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Төле би» фильмінің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркістан облыс әкімдігінің қолдауымен түсірілген фильмнің тұсаукесері көпшіліктің көңілінен шықты.  «САҚ» киностудиясы мен «Оңтүстікфильм» мекемесі бірлесіп түсірген «Төле би» телехикаясы өзінің тарихи салмағымен, қызықты оқиғаларымен, шебер сценариімен көрермен жүрегіне жол тауып, бойдағы отаншылдық рухты оята білді», - делінген Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратында.  

Фильмде ұлы бабамыз Төле бидің балалық шағынан бастап исі қазаққа Төле би атанған қарт кезіне дейінгі өмірі толық қамтылған. Сондай-ақ данагөй бидің Тәуке хан, Қазыбек би, Әйтеке би, Бөгенбай, Қабанбай батырларлар секілді замандастарымен бірге елдік мәселелерді шешкен сәттері баяндалады. Телехикая 10 сериядан тұрады. Әр сериясы 30 минуттан.

Түркістан облысында «Төле би» фильмінің таныстырылымы өтті 

Фильмнің таныстырылымында Түркістан облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Исабек Нұрдаулет құттықтау сөз сөйлеп, туындыны жарыққа шығарған азаматтарға алғысын айтты.

Түркістан облысында «Төле би» фильмінің таныстырылымы өтті 

Телехикаяның режиссері - Батырхан Дәуренбеков, продюсері - Нуриддин Паттеев, көркемдік жетекшісі - Сатыбалды Нарымбетов, сценарий авторы - Бақытжан Құлжабай, Шойбек Орынбай, қоюшы оператор - Фуркат Саипов, композитор - Руслан Шынықұлов. Басты рөлдерде - Абзал Төлен және Сағындық Жұмаділов.

Түркістан облысында «Төле би» фильмінің таныстырылымы өтті 

Фильмнің қысқартылған нұсқасы түркістандықтардың назарына ұсынылғаннан кейін туындының көркемдік жетекшісі, көрнекті режиссер Сатыбалды Нарымбетов фильмге өз үлесін қосқанын мақтан тұтатынын жеткізді. Ал Төле би туралы кітаптың авторы, жазушы Шойбек Орынбай өз романының экранға сәтті шыққанына қуанышты екенін, сенімі ақталғанын атап өтті.

Түркістан облысында «Төле би» фильмінің таныстырылымы өтті 

Фильм режиссері Батырхан Дәуренбеков: «Сериал арқылы Төле би бабамыздың тек шешен ғана емес, жас кезінде ел үшін қолына найза алған батыр болғанын, кейін үлкен саясаткерге айналғанын, «Жеті жарғы» заңдар жинағын шығаруға атсалысқан тұлға екенін көрсете білдік. Қолдау білдірген Түркістан облысы әкімдігіне рахмет. Біз енді тарихи фильм түсіруден қорықпаймыз», - деді.

Түркістан облысында «Төле би» фильмінің таныстырылымы өтті 
Түркістан облысында «Төле би» фильмінің таныстырылымы өтті 
Түркістан облысында «Төле би» фильмінің таныстырылымы өтті 
Түркістан облысында «Төле би» фильмінің таныстырылымы өтті 

Салтанатты жиын соңында фильмге атсалысқан азаматтарға алғыс хаттар тапсырылды.

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT