+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Түркістан облысында тіркелген коронавирустың жаңа оқиғасы туралы айтылды

2020 жылғы 8 сәуір 22:19
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында тіркелген коронавирустың жаңа оқиғасы туралы айтылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында коронавирус инфекциясына тағы бір адам шалдықты. Науқас Ордабасы ауданында тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 8 сәуір сағат 21.15-тегі ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың жаңадан 9 оқиғасы анықталды . Оның ішінде 1 жағдай Түркістан облысында тіркелді.

«Науқас бұған дейін вирус жұқтырған адаммен тығыз қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған болатын. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес одан зертханалық сынамалар алынды. Диагноз нақтыланып, аудандық жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Бүгінде науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық тексеру, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр», - делінген Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы ұсынған мәліметте.

Бүгінге дейін Түркістан облысында COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 34 адам анықталды:

Жетісайда – 14,

Ордабасыда – 2,

Сайрамда – 2,

Мақтааралда – 4,

Сарыағашта – 1,

Кентауда – 5,

Арыста – 6 адам.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT