Түркістан облысында терроризмге қарсы қорғаныс мәселесі талқыланды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облыстық Полиция департаментінде террористік тұрғыдан осал нысандардың терроризмге қарсы қорғаныс мәселесі сөз болды.

Басқосуға Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері, білім беру мен денсаулық сақтау басқармасы және басқа да мүдделі мекеме мамандары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Респубикасының Үкіметі мен террористік тұрғыдан осал келетін нысандардың қатарына электрмен, сумен қамтамасыз ететін, кәсіпкерлік пен сауда орталықтары, театр, мәдени-спорттық ғимараттар, білім және денсаулық сақтау мекемелері мен транспорттық және тағы басқа құрылыс нысандары жататыны белгілі.

Шара барысында аталған нысандардың иелеріне және басшыларына террорлық әрекетке қарсы тұру, инженерлік-техникалық талаптарды сақтауды күшейту мен террорлық әрекеттерге қарсы қорғаныс талапқа сай болу қажеттілігі ескертілді.

Террористік тұрғыдан осал әрі құқықтық нормаларға сай келмейтін, сондай-ақ террорлық қорғаныс талаптарын орындамайтын мекемелердің иелері мен кәсіпкерлердің мәселесі қаралды.

Өңірлік ПД мәліметінше, ағымдағы жылдың басынан бастап полицейлер 100-ге жуық нысандарды тексерген. Жиында терроризмге қарсы қорғаныс талаптарын сақтамаған нысан басшылары мен иелері жауапқа тартылатыны ескертілді.

Соңғы жаңалықтар