Түркістан облысында теміржолшылар әулеті дауыс берді

None
Фото: Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында теміржолшылар әулеті дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арыс қаласында тұратын Ибрагимовтер әулетіндегі 15 баланың барлығы бүкіл ғұмырын теміржол саласына арнаған. Жүз жастағы Алтай атадан тараған ұрпақтың теміржолдағы еңбек өтілдерін қосқанда жалпы 750 жылды құрайды.

«Біздің әулеттен 15 теміржолшы шыққан. Бүгінгі науқаннан қалмай өз таңдауымды жасауға ұлдарым мен немелерімді ерте келдім. Еліміздің келешегі кемел, болашағы баянды болсын», – деді ақсақал.

Айта кетейік, бұдан алдын Жетісай ауданында көпбалалы аналар әулеті дауыс бергенін жазған болатынбыз.





Соңғы жаңалықтар