Түркістан облысында тауда жоғалған қыз аман табылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Төлеби ауданында тауға шыққан бойжеткен із-түзсіз жоғалып кеткен. Құтқарушылар 18 жастағы қызды таң ата тауып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай 2 мамыр күні Сайрам су шатқалының «Сары айғыр» тау шыңында болған. Төлеби ауданында 16 адамнан тұратын альпинистер тобы тауға шыққан. Ауа райының қолайсыз болып, сібер жауын жауып, тұман түскен. Саяхатшылар уақытша орналасқан жерге оралғанда, араларында Ақтөбе қаласынан келген 18 жастағы қыздың жоқ екені анықталған.
null

«112» пультіне орын алған дерек туралы хабарлама сағат 04.45-те түскен. Шұғыл әрекет ету нәтижесінде таңғы сағат 07.40-та Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының 4 қызметкері 1 техникамен іздеу шараларын жүргізіп, жоғалған қыз шамамен 5 шақырым жерден табылған. Оның жағдайы жақсы, медициналық көмекке мұқтаж болмаған» делінген хабарламада.

null

Соңғы жаңалықтар