USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Түркістан облысында тарауих намазын далада оқуға рұқсат берілді

2021 жылғы 7 мамыр 18:36
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында тарауих намазын далада оқуға рұқсат берілді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында COVID-19 індетіне қарсы карантин режимі ұзартылды Ақтөбеде оқушылардың бір бөлігі сабақты қашықтан оқиды Атырау облысында оқушы саны 600-ден асатын мектептерде сабақ онлайн өтеді

Жаңа қаулыға сәйкес, діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) қызметіне ұжымдық Құдайға құлшылық ету және бұқаралық іс-шаралар, оның ішінде «жұма», «тарауих», «айт» намаздарын санитарлық талаптарды сақтай отырып оқуға рұқсат берілді.

Алайда арақашықтық бір адамға кемінде 4 шаршы метр болуы тиіс.

Мешіттер, православ шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намаз», күнделікті православ дұғалары және басқа) ашық ауада өткізе алады.

Дегенмен маска режимі сақталуы тиіс. Бір адамға кемінде 4 метр есебімен әлеуметтік қашықтықты сақтау талап етіледі.

Қаулыны меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті саналады.

Құжат қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT