+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Түркістан облысында тағы жеті көлік соқтығысып қалды

2019 жылғы 25 қараша 17:32
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында тағы жеті көлік соқтығысып қалды

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысында тағы да жол көлік оқиғасы орын алып, жеті бірдей көлік соқтығысып қалды. Жол апаты бүгін түскі сағат 13:00-дер шамасында «Алматы-Термез» тасжолының Сарыағаш ауданы аумағында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да үш көлік апатқа ұшырады Алматыда жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды Маңғыстауда жолдағы көктайғақтан бірнеше көлік апаты болды

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жолда кетіп бара жатқан «Вольво» жүк көлігі жол апатының орын алуына себеп болған. «Вольво» жүк көлігі ауа райының қолайсыздығынан әрі асфальт бетінің мұзданып, тайғақ болуының салдарынан «Тойота Камри» автокөлігіне соқтығысқан. Соның салдарынан «Газель» автокөлігі «Шевролет» көлігімен соқтығысқан. Дәл осы сәтте бір бағытта кетіп бара жатқан «ВАЗ» автокөлігі «Дэу Нексия» автокөлігіне, ал оған «Дэу Матиз» көлігі соғысқан. Жол көлік оқиғасынан ешкім зардап шекпеген.

«Аталған жайт бойынша Сарыағаш АПБ-ден жедел-тергеу тобы аттанып, шұғыл түрде тергеп тексеру амалдарын жүргізді. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Кінәлі жүргізушілер анықталуда» делінген хабарламада.

Еске салайық, күні кеше осы жолдың Қазығұрт ауданы аумағында төрт бірдей көлік соқтығысып, 15 адам зардап шеккен болатын. Жарақат алған 14 жолаушы ауруханаға жеткізіліп, 8-і адам жансақтау бөліміне жатқызылды. Тағы үш адамның жарақат бөлімінде ем қабылдап жатқанын хабарлағанбыз. Бүгін екі науқас жансақтау бөлімінен жарақат бөлімшесіне ауыстырылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT