Түркістан облысында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментіне басшы тағайындалды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы болып Ерболат Ыбрайханов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ерболат Мақсұтханұлы 1981 жылы 2 қаңтарда Қызылорда облысында туған. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ және «Болашақ» бағдарламасымен «University of Nottingham» жоғары оқу орындарын экономист-қаржыгер, заңгер, мемлекеттік саясат мамандықтары бойынша тәмәмдаған.

Ерболат Ыбрайханов осыған дейін Әділет министрлігінде экономист, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде басқарма басшысы, сондай-ақ аталған агенттікке қарасты өңіраралық инспекция басшысы, Қарағанды облысы бойынша Антимонополиялық инспекциясының жетекшісі және Алматы қаласы бойынша тұрғын үйді басқару және тұрғын үй инспекциясы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңадан тағайындалған департамент басшысын облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жеке қабылдап, оның жұмысына сәттілік тілеген. null 

Соңғы жаңалықтар