Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық қылмысы 2 есеге өскен

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық қылмысы 2 есеге өскен. Өткен жылдың бірінші тоқсанында 12 қылмыс тіркелсе, биыл 35 қылмыс анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқапарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының басым бөлігі жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау салаларында және қаржы, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау мен білім беру мекемелерінде орын алған.

«Білім беру саласында еңбек заңнамасын бұза отырып, жеке меншік балабақшаларды «транзиттік пункт» ретінде пайдалану арқылы жұмысқа орналасқаны үшін пара алудың қалыптасқан сыбайлас жемқорлық схемасы, сондай-ақ цифрлық платформалардың тиімсіздігімен және білім беру мекемелеріне ақша жинаумен байланысты тәуекелдер анықталды», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Сәмет Нұрдәулет.

Сондай-ақ, көліктік бақылау инспекциясының қызметінде жалпы сомасы 11 млн. теңгеге әкімшілік құқық бұзушылықты жасыруға және айыппұлдарды төмендетуге, жалған техникалық байқау (техосмотр) жүргізуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған. Сондай-ақ, шетелдік рұқсат бланкілерін (ИБР) алып-сатарлықты монополияға айналдыру белгілері тіркелген.


Соңғы жаңалықтар