Түркістан облысында суға кеткен шетелдік екі студентті іздеу жұмыстары қайта басталды

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында суға кеткен шетелдік екі студентті іздеу жұмыстары қайта басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысы Төтенше жағдай департаментінің құтқарушылар суға батып кеткен Үндістан Республикасының студенттерін іздеу жұмыстарын қайта қолға алды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылғы 26 маусым күні екі шетелдік студент Төлеби ауданының Ақсу шатқалындағы Ақсу өзеніне батып кеткен болатын.

Бұл туралы сағат 20:10 -да Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне хабар түскен. Шымкент қаласынан келген 21 жастан құралған топтың барлығы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері болған әрі Үндістан Республикасының азаматтары. Содан бері суға кеткен екі азаматтың денесі табылмады.

«Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 7 қызметкер, 1 техника жұмылдырылды. Түркістан облысы ТЖД судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді»-делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар