Түркістан облысында суға батып кеткен екі шетелдік студент іздестіріліп жатыр
2022 жылғы 27 маусым 10:00

Түркістан облысында суға батып кеткен екі шетелдік студент іздестіріліп жатыр

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының құтқарушылары екі шетелдік студентті іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Төтенше жағдайлар қызметіне Үндістан Республикасының азаматтары Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде суға түсіп, батып кеткені туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД мәліметінше, шетелдік студенттер Төлеби ауданындағы тауға 26 маусым күні саяхатқа шыққан. 21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген екен. Олар Үндістан Республикасының азаматтары, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері екені анықталған.

«Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне кешкі сағат 20:10 -да Төле би ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылғы 2 студенттің суға батып кеткені туралы ақпарат түседі.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД-дан 19 қызметкер, 1 жүзу құралы және 4 техника, Полиция департаментінен 10 қызметкер және 5 техникасы мен құралдары жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары әлі жалғасуда» делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT