+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Түркістан облысында су тасқыны қаупі жоқ

2020 жылғы 27 ақпан 20:04
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында су тасқыны қаупі жоқ

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы аумағында су тасқыны жағдайы қалыпты, тұрақты бақылауда. Тұрғындарға келер қауіп жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақтық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Облыста ауа райының қолайлы болуынан және болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу іс-шараларының дер кезінде сапалы орындалуынан су тасқыны және су басу жағдайлары 2019 жылы орын алған жоқ. Қазіргі таңда су қоймалары мен өзендерге күнделікті мониторинг жүргізілуде. Бүгінгі күнге Шардара су қоймасында 4185 млн текше метр су бар, толуы - 80%, шығып жатқан су көлемі - 400,5 м3/сек. Ал Көксарай су реттегішінде жиналған су қоры - 1061,88 млн текше метер, толуы 35% құрап отыр», - деді Нұрғали Жүнісов.


Айта кетерлігі, облыс аумағында 40 су қоймасы орналасқан. Оның ішінде 18 су қоймасы - республикалық меншікте; 17 су қоймасы - қала, аудандық коммуналдық меншікте; 5 су қоймасы - жекеменшікте. Қараусыз қалған су қоймалары жоқ.
«Облыс аумағында су тасқыны жағдайы Сырдария бассейіндік өзенімен тікелей байланысты болғандықтан қатаң бақылауға алынған. Сырдария өзенінің төменгі ағысына 66 м3/сек су жіберілуде. Жалпы облыс бойынша су қоймаларының орташа толуы 45-50% құрайды. Бүгінгі таңда өзеннің арнасында судың ағысы қалыпты, жағалаудағы елді мекендерге қауіп жоқ», - деді департамент басшысы.
Тасқынға қарсы іс-шараларға келсек, Сырдария өзенінен бастау алатын каналдардың бас тоспасы бекітілген, қапталған 53 тонна құм, 584 - шатыр, 4622 - керует, 36 мың адамға арналған төсек орын дайындалған. Сондай-ақ, 26,9 шақырым өзендерде жаға бекіту және арна түзеу жұмыстары жүргізілсе, 29,9 шақырым қорғаныс дамбасы тұрғызылған. Бұдан өзге, 25,2 шақырым каналдар механикалық тазартудан өткізіліп, 400 шақырым арық-атыздардың арнасы қоқыстан тазартылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT